
Қазақстанда атышулы іске қатысты жаңа мәлімет жарияланды. Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) хабарлағандай, сот үкімі бойынша тәркіленген Перизат Қайраттың мүлкі қазақстандықтарға аукцион арқылы сатылады. Жиналған қаражат жәбірленушілерге өтемақы ретінде қайтарылады.
Сот үкіміне сәйкес, Перизат Қайраттың ұрланған қаражатқа сатып алынған мынадай мүлкі тәркіленді:
25 шілдеде Астанадағы сот процесінде судья Сабыржан Кәрімов Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның ісін қарап, шешім шығарды.
Перизат Қайрат – 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ғайни Алашбаева – 7 жылға сотталды.
Айып тағу негізі: 1,5 миллиардтан астам теңгені заңсыз иемдену, оның ішінде су тасқынынан зардап шеккендерге арналған қайырымдылық қаржысын жеке мақсатқа жұмсау.
Тергеу барысында элиталық жылжымайтын мүлік пен көліктерден бөлек, қымбат тұрмыстық техника мен брендтік аксессуарлар да алынды: