
Әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан ағасымен қарым-қатынасы жайлы ашық сұхбат берді.
Ол «1001 түн» бағдарламасында ол жанкүйерлер қойған сұрақтарға жауап берді.
— Балалық шақта Махмұд екеуің төбелесіп па едіңдер? Кім жеңетін?
— Біз бала кезде төбелеспедік. Бірақ ағамнан тек таяқ жеп жүрдім (күліп). Біздің арамызда бес жас айырмашылық бар. Бір жастағы балалар сияқты араласқан жоқпыз. Мен ағама қарсы шықпайтынмын, жылап жүріп әкем мен шешеме шағымданатынмын, — деді Төрехан.
Ол ата-анасы мен ата-әжесінің тәрбиесін ерекше атап өтті:
«Үлкенді сыйлау, кішіні қорғау» — бізді осы қағидамен тәрбиеледі. Соның арқасында биік белестерге жеттік».
2025 жылы Ливерпульде өткен әлем чемпионатында Төорехан Сабырхан 70 келіге дейінгі салмақта финалға шықты. Ол жапониялық Севон Окадзавамен күш сынасып, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетсек, оның туған ағасы Махмұд Сабырхан да осы әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты. Ол 55 келі салмақ дәрежесінде финалда қарсыласын жеңіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды.