Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Сен – менің мақтанышым!» «Қайраттың» жас қақпашысына анасы қолдау білдірді

Сарапшы, спорт журналисі
20.09.2025, 11:25

«Қайрат» ФК 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынында сынға түсті. Матчтан кейін анасы Сәуле Рабаева ұлын қолдап, жүрекжарды сөздер айтты.

«Сен – менің мақтанышым!» «Қайраттың» жас қақпашысына анасы қолдау білдірді
instagram/@sa_raby

Анасының қолдауы

Сәуле Рабаева әлеуметтік желіде ұлына арнаған жазбасында былай деді:

«Сен – ең үздіксің, ұлым! Сен – менің мақтанышымсың. Қолыңнан келгеннің бәрін жасадың. Мен үшін сен ең мықтысың. Жүрегім, алда сені үлкен биіктер күтіп тұр. Берілме. Әрқашан жаныңдамын. Саған сенемін. Әрқашан сеніп келемін».

Бұл сөздер жас қақпашының жанкүйерлері арасында кең қолдау тапты.

Сәуле Рабаеваның инстаграм парақшасынан алынды

Дебют пен тарихи сәт

Еске сала кетейік, кеше «Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді. Алматы командасы португалиялық «Спортингке» жол берді.

Қақпаға командадағы үшінші нөмірлі қақпашы — небәрі 18 жастағы Шерхан Қалмырза шықты. Ол матч басында пенальтиді қайтарып, жанкүйерлерді қуантты. Алайда кейін төрт гол жіберіп алды.

Соған қарамастан Шерханның керемет сейві Чемпиондар лигасының бірінші турындағы үздік бес сейвтің қатарына енді. Бұдан бөлек, ол турнир тарихындағы ең жас қақпашылардың бірі атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 3
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір