Қостанай жұртшылығы Шавкат Рахмоновты қалай күтіп алды (ВИДЕО)
UFC жартылай орта салмақ рейтингінде үшінші орында тұрған қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Қостанайға ат басын бұрды.
instagram.com/@shavkatrakhmonov94
Әлеуметтік желідегі сәттер
«Arlan MMA Kostanay» командасының негізін қалаушы Жарасхан Саматов Instagram желісінде Шавкаттың Қостанайдағы сапарынан бірнеше сторис жариялады. Сол видеолардың бірінде Рахмоновқа ет әкелінген сәттегі тосын реакциясы көпшілікті күлкіге қарық қылды.
Сонымен қатар қостанайлықтар Шавкатқа ерекше құрмет көрсетіп, оған жылқы сыйлады. Бұл – қазақ дәстүрінде ең үлкен құрметтің бірі.
Жаңа маусымға дайындық
Айта кетейік, бұған дейін бапкері Эдуард Базров шәкіртінің екі уақыттық жаттығуларға кіріскенін айтқан болатын. Шавкаттың октагонға оралуы 2026 жылдың басына жоспарланғанымен, 2025 жылдың соңына дейін жекпе-жек өткізу ықтималдығы да бар.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet