
Алматылық «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырза футбол алаңынан тыс жерде де ел назарында. Жас қақпашы Чемпиондар лигасындағы дебютімен тарихқа енгеннен кейін жеке өміріне қатысты жаңалық та белгілі болды.
Sports24.kz мәліметінше, Шерхан Қалмырза қазақстандық футбол аңызы, ұлттық құраманың бұрынғы капитаны әрі «Жетісу» клубының қазіргі бапкері Самат Смақовтың қызы – Самирамен бір жарым жылдан бері кездесіп жүр.
2005 жылы туған Самира Шерханнан екі жас үлкен. Жұп бір жылдан астам уақыттан бері бірге және спорттық ортада көп талқыланатын сүйікті жұптардың біріне айналған. Олар әлеуметтік желілерде ортақ суреттерін жариялап, сезімдерін жасырмайды.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы ойында «Қайрат» Лиссабонның «Спортингінен» 1:4 есебімен ұтылған болатын. Соған қарамастан жанкүйерлер ерекше атап өткен ойыншы – қақпашы Шерхан Қалмырза болды.
Оның дебюттік ойыны есте қаларлық сәтпен басталды: 21-минутта жас голкипер Мортен Юльманның орындаған пенальтиін қайтарып, шеберлігін көрсетті.