«Қайрат» «Реалды» жеңбейді деп сенемін: ММА жауынгері Баян Алагөзованың күйеуіне кеңес берді

Сарапшы, спорт журналисі

Арыс қаласынан шыққан қазақстандық кәсіби ММА жауынгері Мақсат Есболатов кәсіпкер Тұрсын Алагөзовқа әлеуметтік желіде үн қатты. 

«Қайрат» «Реалды» жеңбейді деп сенемін: ММА жауынгері Баян Алагөзованың күйеуіне кеңес берді
zakon.kz

Мақсат Есболатовтың мәлімдемесі

Белгілі бизнесмен әрі продюсер Баян Алагөзованың жұбайы «Қайраттың» ойыншыларына «Реал Мадридті» жеңсе, автокөлік сыйлаймын деп сөз берген болатын.

Есболатов өз парақшасында Алагөзовқа былай деп жүгінді:

«Алагөзов-аға, ал боксшылар ше? Әлем чемпионатында командалық есепте бірінші орын алып, сегіз алтын медаль жеңіп алған боксшыларға да көлік сыйласаңыз қалай болар еді?»

«Қайраттың» мүмкіндігіне күмән

Жауынгердің пікірінше, Алагөзов бұл уәдесін футболшыларға әдейі берген болуы мүмкін. Себебі ол «Қайраттың» «Реалды» жеңу ықтималдығына сенбейді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір