
Белгілі продюсер әрі актриса Баян Алагөзова Instagram парақшасында кенже қыздары – Алиса мен Алманың жаңа видеосын жариялап, желі қолданушыларын тәнті етті. Кадрларда бір жасар егіздердің мінезі анық көрініп, жанкүйерлер «Неткен сүйкімді әрі ақылды қыздар!» деп пікір қалдырды.
Жазба астында «Аяғына дейін көріңіз» деп жазылған.
Кадрларда Алма ойыншық көлікке отырып, рульден мықтап ұстап отырады. Ал Алиса болса сол көлікке отырғысы келіп, әпкесін алдап кетудің амалын табады. Ол қолына ақ түсті бубен алып, Алмаға ұсынады. Жаңа ойыншыққа қызыққан Алма көліктен түсіп, әпкесіне жақындайды. Сол сәтті пайдаланып, Алиса машинаны иемденіп алады.
Ең қызығы – бүлдіршіндер ешқандай жылаусыз, жанжалсыз жағдайды өзара шешіп, екеуі де нәтижеге риза күйде қалады.
Желі қолданушылары Алагузованың қыздарын «сүйкімді, зерек, тату» деп сипаттап, видеоны жылы лебіздермен толтырды. Көпшілік кішкентайлардың тапқырлығына тәнті болғанын жазды.