Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қайрат Нұртас Мейрамбек Беспаевтың қызының туған күнінде "жарды"

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:00

Қазақстан эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртас әріптесі, танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың бір жасқа толған қызының құрметіне өткен тойда сахнаға шығып, қонақтарды тәнті етті. Бұл сәттің видеосын Қайраттың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде жариялады.

Қайрат Нұртас Мейрамбек Беспаевтың қызының туған күнінде "жарды"
caravan.kz

«Ламбадаға» елді билеткен сәт

Бейнежазбада Қайрат Нұртас қазақ тілінде «Ламбада» әнін орындап, қонақтарды биге шақырғаны көрсетілген. Әншінің көңілді орындауына залдағы қонақтар қосылып, думанның қызуына ерекше әсер етті.

«Бауырым Мейрамбек Беспаевтың отбасындағы қуаныштан тамаша естеліктер қалды. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Әрбір қазақстандықтың шаңырағында осындай шат-шадыман той болғай», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Әлеуметтік желідегі пікірлер

Желі қолданушылары бейнероликке жылы лебіздерін қалдырды:

  • «Қайрат ерекше»
  • «Нағыз аңыз»
  • «Алла қаласа, келесі жылы Қайраттың қызының да туған күнін осылай атап өтейік»
  • «Жүрегі де, жаны да таза жігіт»
  • «Керемет сәт»
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір