
Қазақстанның Олимпиада чемпионы, танымал боксшы Ермахан Ибраимов тоқал алу мәселесіне қатысты өз көзқарасын білдірді.
Оның айтуынша, исламда ер адамға тоқал алуға рұқсат берілген және бұл үшін бірінші әйелдің рұқсатын алу шарт емес.
«Әрине, әйеліңді хабардар етуің керек. Бірақ ол қарсы болса да – мәселе емес. Ең бастысы – сен оны алдын ала ескерткенсің. Бұл рұқсат алу емес, тек хабарлау тәртібі секілді. Мысалы, жеке кәсіпкерлік ашқанда да дәл солай», – деді Ибраимов.
Чемпионның өзі бүгінде үш әйелдің күйеуі. Оның отбасында он бала бар. Ермаханның айтуынша, әйелдері бір-бірін таниды, алайда араласпайды.