
«Барселонаның» жас жұлдызы Ламин Ямальдың бұрынғы сүйіктісі, испаниялық инфлюенсер әрі экс-стюардесса футболшының жеке өміріне қатысты тосын мәліметтерді жария етті.
Васкестің айтуынша, олардың таныстығы көпшілік ойлағаннан ерте басталған.
«Мен әкеммен бірге Еуропа чемпионатының ойынын көріп отырдым. Ол Ламинді айтып қалды. Сол кезде әлеуметтік желіден іздеп едім, оның маған бірнеше жыл бұрын-ақ хабарласуға тырысқанын білдім», – деді ол.
Фати Италиядағы алғашқы кездесуге кешіккенін еске алып, Ямальдың ренжігенін айтты:
«Ол маған: “Жақсы болды кешіккенің, әйтпесе басқа қызбен танысып қалар едім”, – деді», – деп күледі Васкес.
Ең даулы мәлімдемелердің бірі Ямальдың қазіргі сүйіктісі, әнші Ники Никольге қатысты болды.
«Мен оның шын жүректен ғашық екенін білемін. Бірақ Ники олай емес. Ол тек пайдаланып жүр», – деді Фати Васкес.
Сондай-ақ ол футболшының «қыздар тізімі» бар екенін, сол арқылы кездесулерін жоспарлайтынын да жасырмады.
Айта кетейік, бұған дейін де Ямаль мен Фати Васкестің Италиядағы демалыс сәтінен түсірілген суреттері әлеуметтік желіде тарап, футболшының жеке өмірі үлкен талқылауға түскен болатын. Тіпті БАҚ оның OnlyFans моделімен қарым-қатынасы жайлы жарыса жазған еді.