
Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас жанкүйерлерін тағы да қуантты. Ол әлеуметтік желіде жары, актриса Жұлдыз Әбдукаримовамен түскен жаңа романтикалық фотосын жариялады.
Жаздың соңында бесінші рет әке атанған Қайрат Нұртас осы уақытқа дейін әлеуметтік желіде бұл қуанышты оқиғаға қатысты ештеңе жазбаған болатын. Бұл жағдай кейбір жанкүйерлердің тарапынан аздаған сынға да ұшырады.
Алайда өнер иесі үнсіздікті бұзып, қалың көпшілікті романтикалық кадрмен таңғалдырды. Қара-ақ түсте түсірілген суретте Қайрат пен Жұлдыз құшақтасып, бір-біріне сүйіспеншілікпен қарап тұр.
Фотосуретке фон ретінде Қайрат Нұртастың өзі орындайтын «Махаббатым-ай» әні қойылған.
Еске сала кетейік, жуырда Жұлдыз Әбдукарімова қызының «қырқынан шығару» дәстүрін өткізгенін және оған қандай есім бергенін көпшілікке айтып берген болатын.