Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Exeed-тен кейін – грант! Шерхан Қалмырзаға тағы да құрмет көрсетілді

Сарапшы, спорт журналисі

Шерхан Қалмырзаға Алматыдағы жоғары оқу орнынан білім гранты табысталды.

Exeed-тен кейін – грант! Шерхан Қалмырзаға тағы да құрмет көрсетілді
ФОТО: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Спорттағы табыс – білімге жол

Қазақстанның жас қақпашысы Шерхан Қалмырза Алматыдағы Қазақ спорт және туризм академиясынан ректорлық білім грантына ие болды. Бұл жаңалықты Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады.

Министр өз сөзінде бұқаралық спорттың дамуы мен сапалы жоғары білімнің қоғам үшін стратегиялық маңызын ерекше атап өтті.

«Әрбір спортшы халықаралық талаптарға сай сапалы білім алуы қажет. Бұл оларға тек спорттық жетістіктерге жетуге ғана емес, мансаптан кейін де өмірдің түрлі салаларында табысқа жетуге мүмкіндік береді», – деді Саясат Нұрбек.

Шерханның еңбегі жастарға үлгі

Министрдің айтуынша, Шерхан Қалмырзаның жетістігі – қазақстандық жастар үшін жарқын үлгі. Сол себепті, ақылы бөлімде оқып жүрген студентке ректорлық білім гранты табысталды. Сонымен қатар, алдағы уақытта да талантты жастарға ерекше қолдау көрсетілетіні айтылды.

Қазақ спорт және туризм академиясының спорт және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Мұхтар Есқалиев оқу орнының студенттік және жастар бастамаларын әрдайым қолдайтынын жеткізді.

Өз кезегінде Шерхан Қалмырза көрсетілген сенім мен құрмет үшін ризашылығын білдіріп, қазақстандық футболдың дамуына үлес қосуды мақсат ететінін айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шерхан Қалмырзаға кәсіпкер Ұлықбек Шәріпов Чемпиондар лигасындағы ойыны үшін Exeed маркалы автокөліктің кілтін табыстаған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір