Белгілі әзілкеш әрі тележүргізуші Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы Мөлдір Мұқанова тағы да әлеуметтік желіде талқыланып жатыр. Интернетте Қабатовтың операциядан кейінгі суреті пайда болды.
Аталған сурет алғаш рет блогер Айсұлу ханымның парақшасында жарияланған. Ол Мөлдір Мұқанның бұрынғы күйеуі ауыр жағдайда жатқанда ауруханада оның жанынан табылғанын жазды.
«Мөлдірдің бұрынғы жолдасы науқастанып қалған кезде ауруханада бірге болдым. Жүрегі жаралы болса да, оның амандығын тіледі. Тұрсынбек емделіп жатқанда, оның жанында екінші әйелі емес, дәл Мөлдірдің өзі болды», — деп жазды блогер.

Мөлдір Мұқанова сұхбатында Тұрсынбек Қабатовтың бас сүйегіне жасалған ауыр операцияның егжей-тегжейін айтып берді.
«Адамның басы 100 пайыз домалақ болса, соның 25 пайызын алған. Басты ашып, бас сүйегін алып тастаған. Дәрігерлер оны қайта орната алмайды екен, пластик қойылады. Операциядан кейін үйге келіп, ем қабылдап жүрді», — деді ол.
Сонымен қатар Мөлдір әзілмен:
«Ер адам қиналғанда бірінші болып өз әйелін іздейді ғой. “Тұрсынбек, сен неге сондайсың?” – деп күлдім. Өнер адамдары да ауырады, бұл – қалыпты жағдай. Біз бәріміз уайымдадық, ұл-қыздары да жанында болды», — деп еске алды.
Тұрсынбек Қабатовтың денсаулығына қатысты суреттер мен жаңалықтар әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көпшілік оның тезірек сауығып кетуін тілеуде.