Кәрім Мәсімовтен тәркіленген самурай қылышы 540 мың теңгеге сатылды (фото)
Қайтарылған активтерді басқаратын компания бұған дейін тәркіленген мүліктерді, соның ішінде сәнді сағаттар, зергерлік бұйымдар мен аксессуарларды сатылымға шығарды.
Сурет: ашық дереккөздерден
Аукционда құны 520 млн теңгеден асатын 42 сәнді зат сатылымға шығарлған. Әлемдік брендтер жасаған зергерлік бұйымдары мен сағаттардың дені өз сатып алушыларын таппады.
Сатылған жалғыз мүлік — Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің үйінен тәркіленген "қынабы бар самурай қылышы" болды. Ол 540 мың теңгеге сатылды.
Бұған дейін аукционда қылыштар, монеталар және басқа да қайтарылған активтер 10 млн теңгеге сатылған болатын.
Сонымен қатар биыл 10 ақпанда Кәрім Мәсімовтің Астанадағы зәулім сарайы 1,8 млрд теңгеге аукционға шығарылған еді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet