Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қар жауып, боран соғады: Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

Сарапшы, спорт журналисі

"Қазгидромет" РМК 4 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер бірқатар өңірде қар жауып, боран соғатынын хабарлады.

Қар жауып, боран соғады: Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды
Сурет: ашық дереккөздерден

Түнде Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандандарында тұман болады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей тұста 23 м/с-қа дейін жетеді.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында қалың қар түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады. Облыстың таулы аймақтарында, солтүстікте, шығыста солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, күндіз кей тұста 18-23 м/с-қа дейін жетеді. Түнде сынап бағаны -1-ден -6 градусқа дейін суықты көрсетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың таулы аудандарында қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Алматыда 5 қарашада қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қызылорда облысының шығысында, орталығында тұман түседі.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауады, сондай-ақ түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с-қа жетеді.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында шаңды дауыл тұрады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір