Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Әкем туралы жаман пікірлерді оқу маған қиын»: Тұрсынбек Қабатовтың қызы өз ойын айтты

Сарапшы, спорт журналисі

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың үшінші қызы Айару әлеуметтік желідегі парақшасында әкесімен арақатынасы жайлы жазба қалдырды. 

«Әкем туралы жаман пікірлерді оқу маған қиын»: Тұрсынбек Қабатовтың қызы өз ойын айтты
sn.kz

Айарудың айтуынша, қазір қоғамда әкесі туралы түрлі пікірлер айтылып жатса да, ол үшін Тұрсынбек Қабатов ең мейірімді әрі қамқор әке болып қала береді.

«Қазір көп адам оның мінезін, іс-әрекетін сынап жатыр. Дегенмен мен үшін ол әрқашан ең тамаша әке. Мен оны осы өмірдегі ең қымбат адам ретінде жақсы көремін және ерекше бағалаймын. Ер азамат ретінде кей сәттерде кемшілік жіберген шығар, бірақ әке ретіндегі рөлін мінсіз атқарып келеді. Ол бізге махаббатын әрдайым сездіріп отырады. Қазір арамыз өте жақсы, бәрін ашық сөйлесіп алдық. Адамдардың әкем туралы ауыр сөздер жазғанын оқу мен үшін өте қиын. Себебі жақын адамыңды жамандағанын көру — жанға бататын жағдай. Оны қорғағым келеді, бірақ менің қорғанысымды ешкім байқамайды», — деп жазды Айару Тұрсынбекқызы.

Еске сала кетсек, бұған дейін продюсер Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен ресми түрде ажырасқанын айтқан. Оның сөзіне қарағанда әзілкештің екінші әйелі 14 жыл бұрын пайда болған.

Продюсердің сұхбатынан кейін әлеуметтік желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовты сынға алып, бойкот жариялауға үндеуде.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 4
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір