Ауқымды жобаның тұсаукесері бүгін өтеді. Оған алыс-жақын елдердің әртістері қатысқан.
Бүгін, 5 ақпан күні, Қытайдың Hunan TV телеарнасында Димаш Құдайберген қатысатын "Voice Beyond Horizon" музыкалық жобасының тұсаукесері өтеді. Қазақстанда бұл бағдарлама 14 ақпанда "Qazaqstan" телеарнасынан көрсетіледі. Шоуға Қазақстаннан бөлек, Қытай, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербиядан келген орындаушылар қатысқан.
Жобаның түсірілімі елдің туристік аймақтарында атап айтқанда, Түркістан, Маңғыстау, Алматы, Ақмола облыстары мен Астана, Алматы қалаларында ұйымдастырылған:
"Kazakh Tourism" халықаралық медиажобалар арқылы Қазақстанды жүйелі түрде насихаттауды жалғастырып келеді. Біз Euronews Travel, Amazon Prime Video сынды ірі платформалармен серіктестік орнатудамыз. Қазақстанның туристік әлеуетін миллиардтаған аудиторияға танытатын "Voice Beyond Horizon" жобасына бастау болғаны үшін Димаш Құдайбергенге алғысымыз шексіз", — деді "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Ғазизов.
Айта кетейік, Hunan TV телеарнасының аудиториясы 1,9 миллиард адамнан асады. Сонымен қатар, бұл жобныа Mango TV цифрлық платформасынанда да көруге болады.