Қазгидромет 6 ақпанға ауа райы болжамын ұсынды.
Астанада жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі.
Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, тұман, түнде бұрқасын болады.
Қарағанды облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман.
Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, түнде облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман болады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 20 градус қатты аяз болады.
Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, түнде облыстың оңтүстігінде қар жауады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ болады.
Абай облысының батысында қар, бұрқасын болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын жауады. Көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.
Шымкентте кей уақыттарда жауын-шашын болады. Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Павлодар облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. Бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман.
Ақмола облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын болады. Кей уақыттарда тұман түседі.
Ақтөбе облысының шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік-батыстан жел соғады.
Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.
Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын жауады.