Маманның сөзінше, фаст-фуд, тәттілер, тәтті жемістер, бауырсақ пен бәліш секілді өнімдерден аулақ болған абзал.
Ораза айында көпшілік сәресіге ауыр тамақ, кешкі ауызашардан қалған тамақты қайта ысытып жей салады. Нәтижесінде күні бойы ауырлық сезіледі, ұйқышылдық пайда болады, қант деңгейі секіріп, энергия сарқылады. Кешке қарай әлсіздік, бас ауруы немесе тіпті бас айналу жиі кездеседі. Осы ретте нутрициолог Райхан Иманбай азаматтарға бірнеше кеңесімен бөлісті. Бұл туралы kursiv.media хабарлады.
Маманның айтуынша, сәресіге жеңіл, бірақ тойымды тамақтану өте маңызды.
Ақуызға бай өнімдер (тоқтық сезімін ұзақ сақтайды):
Пайдалы майлар (энергияны баяу шығарады, қантты тұрақтандырады):
Күрделі көмірсулар (энергияны ұзақ уақыт береді):
Көкөністер мен жидектер (ас қорытуға көмектеседі, жеңілдік береді):
Фаст-фуд, тәттілер, тәтті жемістер, бауырсақ пен бәліш секілді өнімдерден аулақ болыңыз. Бұл тағамдар қантты күрт көтеріп, тез түсіреді – қарын тез ашады, күні бойы шаршау сезіледі. Газдалған сусындар мен кофе де сусыздандырады, бас ауруын күшейтеді.
Сонымен қатар, әлсіздіктің басты себебі – су жетіспеушілігі дейді маман. Ағзада жеткілікті су болу үшін, кешкі уақытта қалай ішкен дұрыс:
Бұл мөлшер бас ауруы, бас айналу мен әлсіздікті едәуір азайтады.
Құрма – дәрумендер мен минералдарға бай құнарлы жеміс, оның құрамында магний, калий, темір, фтор, кальций, мыс, марганец сияқты маңызды элементтер көп. Сондай-ақ А, С, В тобы (В1, В2, В6), РР дәрумендері, антиоксиданттар (полифенолдар, флавоноидтар, бета-каротин), тағамдық талшықтар мен пектин бар. Құрма табиғи қанттары (фруктоза, глюкоза) арқылы жылдам энергия береді, жүйке жүйесін тыныштандырады және көптеген аурулардың алдын алуға көмектеседі.
Еске сала кетейік, Рамазан айы 19 ақпан күні басталады.