Аяз бен екпінді жел: 11 наурызға ауа райы болжамы

Сарапшы, спорт журналисі

Бүгін Астанада қар жауып, екпінді жел соғады. Ал Алматыда қар мен жел болады деп күтілуде. 

Аяз бен екпінді жел: 11 наурызға ауа райы болжамы
Ulysmedia.kz

Еліміздің оңтүстігінде де күн суытады. "Қазгидромет" сәрсенбі, 11 наурызға арналған Қазақстанның барлық аумағы бойынша ауа райы болжамын ұсынды.

Астанада көшпелі бұлт, қар жауады, жел 9-14, екпіні 15-20, кей уақытта 30 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -27…-29°C, күндіз -13…-15°C.

Алматыда күн бұлтты, қар жауады, жел 3-8, екпіні 15 м/с. Температура түнде және күндіз -6…-8°C.

Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 7-12, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -8…-10°C, күндіз -2…-4°C.

Ақтауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде -2…-4°C, күндіз +6…+8°C.

Ақтөбеде күн бұлтты, қар жауады, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -21…-23°C, күндіз -2…-4°C.

Атырауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде -6…-8°C, күндіз +4…+6°C.

Жезқазғанда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -19…-21°C, күндіз -8…-10°C.

Көкшетауда көшпелі бұлт, қар жауады, жел 15-20, екпіні 23-28, кей уақытта 30 м/с. Ауа температурасы түнде -25…-27°C, күндіз -13…-15°C.

Қарағандыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -25…-27°C, күндіз -15…-17°C.

Қонаевта көшпелі бұлт, қар жауады, жел 9-14, екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -7…-9°C.

Қостанайда көшпелі бұлт, қар жауады, жел 9-14, екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде -23…-25°C, күндіз -8…-10°C.

Қызылордада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -12…-14°C, күндіз -3…-5°C.

Оралда көшпелі бұлт, қар жауады, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -12…-14°C, күндіз -1…+1°C.

Өскеменде күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -15…-17°C.

Павлодарда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде -25…-27°C, күндіз -16…-18°C.

Петропавлда күн бұлтты, қар жауады, жел 15-20, екпіні 23-28, кей уақытта 30 м/с. Ауа температурасы түнде -26…-28°C, күндіз -13…-15°C.

Семейде күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -18…-20°C, күндіз -15…-17°C.

Талдықорғанда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 7-12, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -8…-10°C.

Таразда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Ауа температурасы түнде -10…-12°C, күндіз -4…-6°C.

Түркістанда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 7-12, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -10…-12°C, күндіз -2…-4°C. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір