Бота Миа Еркебұлан Тоқтарды болашақ күйеуі ретінде көре алатынын айтты

Сарапшы, спорт журналисі

Жуырда танымал блогер Еркебұлан Тоқтарға қатысты жағдайды ашық айтып берді. 

Бота Миа Еркебұлан Тоқтарды болашақ күйеуі ретінде көре алатынын айтты
kz.kursiv.media

Бота Мия блогерлік саладағы әріптесі Асқар Оразбаевпен жұп болып, кездескені көпшілікке мәлім. Тіпті тойға қызу дайындық басталып, Бота жасауын жинап жатқанын да айтқан еді. Десе де кейіннен екеуі айырылысып кеткен болатын.

Жуырда танымал блогер Динара Сәтжанның Late night show-ында жағдайдың қалай болғанын айтып берді. Бұл туралы kursiv.media хабарлады. 

"Екеуіміз неке, отбасылық өмірге жете алмадық. Сөз салынғаннан кейін келесі қадам – тәтті шай, ақылдасу, той қашан деп күттім. Ол ер азамат болған соң байыппен, "көреміз" деп жүрді. Әдетте тойдың алдында көбі ұрсысып қалады ғой. Сондай болып, екіге кеттік. Бірақ айырылыстық екен деп оны жек көру деген өзімде болмапты. Әлі күнге дейін сөйлесеміз. Ақылын айтады. Кейде жарнамаларға сценарий жазып беруін сұраймын. Қарым-қатынасымыз өте жақсы. Бала махаббатпен ғашық болдым. Кейін есейе келе түсіндім. Оны да, мені де жақсы болашақ күтіп тұр", – деп көптің сөзіне нүкте қойды блогер.

Ал жұрт аузында жүрген келесі тақырып – Еркебұлан Тоқтарға қатысты Бота былай деді:

"Бакуде жүргенімде ол хабарласып, күтіп алайын деді. Үлкен букет гүлмен күтіп алды. Гүл бизнесін бастағанын айтты. Прайсымды сұрап, коллаб жасайық деді. Ақысын төледі. 2 рилс салғаннан кейін қарасақ, қаралым көбейіп жатыр екен. Таңғалдық. Көбі "Неге Бота?", "Еркебұланның талғамы осындай ма" деп жазып жатты. Туған күнімде салған стористерді 700 мың адам қарады. Еркебұланмен салғанымды тіпті 900 мың адам көрген екен. Миым мұндай сандарды көтере алмады. Осылайша хайп болып кетті", – деп еске алды блогер. 

Бота Мианың айтуынша, ойламаған жерден осындай хайп әрі коллаб болған. 

Басында екеуінің арасында химия расында болған. Бірақ Ботаның айтуынша, ес-түссіз ғашық болмаған. Оның позициясы бойынша енді біреуді жақсы көрсе, алып ұшпай, салқынқанды шешкісі келеді екен.

"Біз тек жұмыс барысында араластық. Бірақ бір қарағанда болашақ күйеуім осындай болса күшті болар еді дедім. Еңбекқор, өзіне не керегін біледі. Сол қасиеттерін көріп, "уау" деймін", - деп жігіт ретінде қарауға қарсы емесін жеткізді. 

Десе де, ол қарым-қатынастың одан арыға бармағанын айтты. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір