"Көлігінен 20 млн теңге қолды болды": адвокат Шавкат Рахмоновтың жұбайына қатысты даулы жағдайға пікір айтты

Сарапшы, спорт журналисі

Заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайымға қатысты жағдайға өз көзқарасын білдірді. 

"Көлігінен 20 млн теңге қолды болды": адвокат Шавкат Рахмоновтың жұбайына қатысты даулы жағдайға пікір айтты
instagram/@kerey_khan

Әлеуметтік желідегі пікірталас күшейді

Заңгердің айтуынша, соңғы күндері желі қолданушылары Гүлайымның жариялаған жазбасын түрліше талқылап жатыр. Кейбірі оны қылмыстық жауапкершіліктен құтылуға бағытталған "ойластырылған қадам" ретінде бағалаған.

Алайда Мейірман Шекеев мұндай пікірмен келіспейтінін ашық айтты. 

Оның сөзінше, қысқа уақыт ішінде әйел бірнеше ауыр жағдайды бастан өткерген. Атап айтқанда, туған әпкесінен айырылуы және автокөлігінен 20 миллион теңгенің ұрлануы – кез келген адам үшін үлкен психологиялық соққы.

Сондықтан бұл мәселеде асығыс қорытынды жасаудың қажеті жоқ екенін атап өтті.

"Тіпті қандай да бір “стратегия” болды деген күннің өзінде, заң аясында тиісті жауапкершілік қарастырылған. Қоғам орынсыз айыптаумен емес, керісінше, қиын жағдайға тап болған адамға қолдау көрсетуі керек", – деді заңгер.

Қоғамға үндеу

Мейірман Шекеевтің пікірінше, бұл жағдайда әйелдің әрекетін әдейі жасалған қадам деп айтуға нақты дәлел жоқ. Ол көпшілікті сабыр сақтап, жағдайды объективті бағалауға шақырды.

Сөз соңында заңгер әрбір адамның өмірінде түрлі қиындықтар болуы мүмкін екенін еске салып, қоғамды бір-біріне түсіністікпен қарауға үндеді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір