Қазақстанда заңсыз лотерея ұйымдастырған блогерлер тексеріледі
Лицензиясыз өткізілген ұтыс ойындары бойынша шығын көлеміне қарай құқықтық баға беріледі.
Қазақстанда әлеуметтік желілер арқылы заңсыз лотерея ұйымдастырып жүрген блогерлердің әрекеті тексерілетін болды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов Сенат кулуарында мәлімдеді деп хабарлайды Kursiv.kz.
Лотерея — лицензияланатын қызмет
Өтегеновтің айтуынша, елімізде лотерея өткізу арнайы лицензияны талап ететін қызмет түріне жатады. Сондықтан мұндай рұқсатсыз өткізілген кез келген ұтыс ойындары заң бұзушылық ретінде қарастырылады.
"Лоторея ойнату – лицензиялатын қызмет түрі екені белгілі. Арнайы лицензиясыз лоторея ойнатып жатқан блогерлердің іс-әрекеті келтірген шығынына байланысты сарапталады. Ал Жанабыловтарға келетін болсақ, қазір сот жүріп жатқаны белгілі. Сот шешімі шыққан соң ғана пікір білдіре аламыз", — деді ол.
Жанабыловтар ісі: қоғамда резонанс тудырған жағдай
Қоғамда қызу талқыланған жағдайлардың бірі — Жанабыловтарға қатысты іс.
2025 жылдың 18–21 тамызы аралығында Instagram желісінде @Zhanabylov_e және @elt6i парақшалары арқылы блогерлер 10 автокөлік ойнататынын жариялаған.
Алайда:
- Тікелей эфир арқылы ұтыс өткізу орнына
- Қолданушыларға Zhana Business атты ақылы курс ұсынылған
- Курстың бағасы — 30 000 теңге
- Ұтысқа қатысу үшін курсты сатып алу міндеттелген.
Бұл әрекет әлеуметтік желілерде сынға ұшырап, мемлекеттік органдарға ресми шағымдар түскен.
Аталған жағдай бойынша әкімшілік іс 2025 жылдың 5 қыркүйегінде қозғалған. Алайда кейін сот бұл істі тоқтатып, материалдарды экономикалық тергеу департаментіне жолдаған.
Себебі, істе қылмыстық құқықбұзушылық белгілері анықталған.