Әнші Төреғали Төреәлі қызды болды
Мұның алдында Төреғали Төрәлі отбасымен Түркістанға көшіп келген еді.
Белгілі ақын, әнші Төреғали Төреәлі жетінші рет әке атанып, келіншегі Толқын қыз босанды. Бұл туралы kursiv.kz хабарлады.
“Бүгін қуанышты жаңалықпен бөліскім келеді. Төреғали Төреәлі отбасында қыз бала дүниеге келді! Сүйінші! Бүгін – 7 сәуір күні, кешкі сағат жетіде жетінші перзент дүниеге келді. Бұл – жетінші қыз бала. Киелі жетілік!”, – деп жазды әншінің продюсері Жан Мұқанов.
Оның айтуынша, сәбидің есімі әлі қойылмаған. Продюсер оқырмандарына сәбиге қандай есім қоюға болатынын сұрады. Халық ұсынған есімдердің арасынан бірі таңдалуы мүмкін екенін де айта кетті.
Осыған дейін отбасының 3 ұл, 3 қызы бар болатын. Олардың бірі ерекше бала Кәусар есімді қыз. Төреғали осы қызының атынан қайырымдылық қор ашқан еді.