"Бірде-бір Changan жоқ": Қытайдағы қазақтардың тойындағы люкс көліктер желіні таңғалдырды
Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында тұратын этникалық қазақтардың тойынан түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.
Той кортежіндегі қымбат көліктер назар аудартты
Әлеуметтік желіде Қытайдағы қазақтардың үйлену тойынан түсірілген делінген видео кең тарады. Кадрларда жол жиегінде қатар тұрған ондаған автокөлікті көруге болады.
Пайдаланушылардың айтуынша, видео Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Құлжа қаласында түсірілген. Бейнежазбада тойға келген қонақтардың көліктері ұзын-сонар тізбек болып орналасқан. Желі қолданушылары олардың арасында әлемге танымал брендтердің көліктері көп екенін байқаған.
Пікір жазғандар Toyota және Mercedes-Benz G-Class секілді қымбат маркаларды ерекше атап өтті. Көліктердің саны мен деңгейі көпшілікті таңғалдырған.
“Бірде-бір Changan жоқ”
Комментаторлардың назарын аударған тағы бір жайт — кортежде Қытай маркалы көліктердің көрінбеуі. Осыған байланысты әлеуметтік желіде әзіл пікірлер көбейді.
“Ол жерде бірде-бір Changan жоқ”, — деп жазды қолданушылардың бірі.
Кейбір желі қолданушылары мұндай деңгейдегі көлік тізбегін Қазақстандағы тойлардың өзінде жиі кездестіру қиын екенін айтты.
“Тойдағы мұнша мықты көлікті Қазақстанда да әрдайым көре бермейсің”, — делінген пікірлердің бірінде.
Видео астында көлік кортежін талқылағандармен қатар, жас жұбайларға бақыт тілегендер де көп болды. Көпшілік той иелеріне береке, қуаныш және ұзақ ғұмыр тіледі.