"Маған тиіспе": Қайрат Нұртас әлеуметтік желідегі жазбасымен жұртты ойландырып қойды

Спорт шолушысы

"Ауырмайды жүрек", "Өкініш" секілді хит әндерімен көпшілікке танылған өнер иесі жариялаған фотоға қысқа әрі жұмбақ жазба қалдырған.

"Маған тиіспе": Қайрат Нұртас әлеуметтік желідегі жазбасымен жұртты ойландырып қойды
instagram/@kair_n

Жаңа суреті желіде талқыланып жатыр

Әнші Instagram парақшасында панорамалық терезе жанында отырған сәтінен фото жариялады. Суретте Қайрат Нұртас үстел басында отыр. Алдында ноутбук пен бірнеше тағам қойылған. Өнер иесі ақ түсті джинсы жейде киіп, өзіне тән образынан айнымай, қара көзілдірік таққан.

Камераға тіке қарап, сәл жымиған әншінің суретіне жазған пікірі көпшілікті қызықтырды.

“Маған тиіспе”, — деп жазылған фото астында.

Жанкүйерлер әншінің харизмасын жоғары бағалады

Жарияланым аз уақыттың ішінде 18 мыңнан астам лүпіл жинаған. Пікір қалдырған оқырмандар Қайрат Нұртастың келбеті мен сахнадағы беделіне қатысты жылы лебіздерін жазды.

  • “Қалай отырса да жарасады”,
  • “Біздің аңыз адам”,
  • “Суреттен-ақ харизмасы сезіліп тұр”,
  • “Ақтауға келіңізші”,
  • “Сіз Қырғызстанда да аңызсыз”,
  • “Қайреке, отсыз ғой”,
  • “Жұлдыз екеуі бір-бірін дұрыс түсінбей қалған шығар?”,
  • “Мүлде қартаймайды, тоңазытқышта сақтала ма?” — деп пікір білдірді желі қолданушылары.