"Нағыз качоксың, бауырым!": Қайрат Нұртас жаңа суретімен жанкүйерлерін тәнті етті

Спорт шолушысы

Бұл жолы оқырмандар өнер иесінің шығармашылығынан бөлек, оның физикалық формасына ерекше мән берді.

"Нағыз качоксың, бауырым!": Қайрат Нұртас жаңа суретімен жанкүйерлерін тәнті етті
instagram/@kair_n

Жаңа сурет жариялады

Қайрат Нұртас Instagram парақшасында балконда түскен суретін көрсетті. Кадрда әнші ақ түсті майка киіп, қолына өзінің имиджінен ажырамайтын қара күннен қорғайтын көзілдірігін ұстап тұрғанын көруге болады.

Әлеуметтік желідегі парақшасында 6,6 миллион оқырманы бар өнер иесі Instagram-да белсенді болуға тырысады. Оның кезекті жарияланымы да желі қолданушылары арасында қызу талқыланды.

Жанкүйерлер әншінің физикалық формасын жоғары бағалады

Суретте Қайрат Нұртастың бұлшық еттері анық байқалады. Мұны байқаған жанкүйерлер бірден пікір қалдырып, әншінің жақсы формада екенін атап өтті.

Оқырмандардың бірі оны “ерекше өнер иесі” деп бағаласа, енді бірі әншінің жылдар өтсе де өзгермегенін жазды.

  • “Қайреке, сен ерек жансың, аңызсың”,
  • “Әндеріңді тыңдаудан жалықпаймын, бәрі хит”,
  • “Мүлде қартаймаған, әндерін көп жылдан бері тыңдап келемін”,
  • “Жаттығып жүрсің бе?”,
  • “Нағыз качоксың, бауырым!”,
  • “Формада екенсің!”,
  • “От”,
  • “Кәдімгідей бұлшық ет жинап алыпты”, — деп жазды желі қолданушылары.