Ерке Есмахан жанкүйерлерін құпиясымен қызықтырды

Спорт шолушысы

Қазақстандық танымал әнші әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялап, оқырмандарын интригаға толы хабарламасымен елең еткізді.

Ерке Есмахан жанкүйерлерін құпиясымен қызықтырды
instagram/@erke_esmahan

Жаңа суреттерін жариялады

Ерке Есмахан Instagram парақшасында жаңа фотосессиясынан кадрлар бөлісті. Суреттерде әнші субұрқақ жанында стильді образда көрініс берген.

Желі қолданушылары әншінің сәнді келбетіне назар аударып, оның жазбасына түрлі пікір қалдырды.

Өнер иесі жазба астында бұл жаздың өзі үшін ерекше болатынын айтып, оқырмандарына қызықты жаңалықтардың жақында жарияланатынын жеткізді.

“Еркелігім мен жалқаулығыма қарамастан, өзімді қолға алып, бір үлкен істі шештім. Мен үшін бұл жаз ерекше қызықты болатын сияқты. Жақында бірнеше құпиямды ашамын. Күтесіздер ме?” — деп жазды Ерке Есмахан.

Жанкүйерлер әншіге жылы лебізін арнады

Еркенің жаңа жазбасы әлеуметтік желіде көпшіліктің назарын аударды. Оқырмандар әншінің сыртқы келбетін ғана емес, оның ішкі жылулығын да атап өтті.

  • “Сұлу”,
  • “Бәрімізге Еркедей бақытты әрі бай болуды жазсын”,
  • “Сұлулық тек сыртқы келбетте емес, ішкі жан дүниеде де болуы керек. Сізден сондай жылулық пен әдемілік сезіледі. Сізге қарап шабыт аламыз”,
  • “Бәрі тренд қуып жүр, ал сіз трендті өзіңіз жасайсыз”, — деп жазды желі қолданушылары.