"Видеоны жібересіз бе?": Димаш Құдайберген күтпеген қызығымен Қазнетті таңғалдырды (ВИДЕО)
Қазақстандық танымал әнші ұшақ штурвалының алдында отырған сәтімен көпшіліктің назарын аударды.
Димаш ұшақ кабинасында көрінді
Ерекше кадрларды пилот әрі контент авторы Эльдар Ибраимов жариялады. Ол бұған дейін де экстремалды видеоларымен оқырмандарын тәнті етіп жүрген. Бірақ бұл жолы оның жазбасына жұлдызды қонақтың қатысуы ерекше қызығушылық тудырды.
Видеода Димаш Құдайберген шағын әуе кемесінің кабинасында, бірінші ұшқыш орнында отырғанын көруге болады. Әнші ұшу кезінде өзін еркін ұстап, камераға күлімсірей қарайды.
Сол сәтте Димаш видео авторына әзіл аралас сұрақ қояды:
“Видеоны жібересіз бе?”
Әлеуметтік желіде қызу талқыланды
Эльдар Ибраимов жариялаған жазбасына қысқа әрі әзілге толы сипаттама қалдырған.
“Ұшқышың Димаш Құдайбергеннің өзі болған кезде”, — деп жазды.
Пікір қалдырғандар Димаш Құдайбергеннің тек сахнада емес, өмірде де үнемі жаңа тәжірибеге ашық екенін атап өтті. Олардың айтуынша, әншінің ұшақ кабинасындағы сабырлы әрі сенімді бейнесі ерекше әсер қалдырған.