Рыбакинада жаңа хобби пайда болды
Әлемнің алтыншы ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина Дубайдағы автомектепте оқудан өтіп жатыр.
sputnik.kz
Бұл туралы Чемпионат.com хабарлайды:
“Жақында мен автомектепке оқуға түстім. Инструкторым өте қатал. Бірақ бұл тәжірибе өзіме қатты ұнайды. Емтиханды асыға күтіп жүрдім”, – деді Рыбакина Дубайдағы автомектеп жариялаған бейнероликте.
Еске сала кетейік, биыл Рыбакина Штутгарттағы WTA-500 грунт турнирінде Porsche көлігін ұтып алған еді.
2024 жылы Елена Рыбакина WTA дәрежелі үш титул иеленген (Брисбен, Абу-Даби, Штутгарт, барлығы — WTA-500 санатында), тағы екі рет финалда ойнаған. “Үлкен дулыға” туринріндегі ең үздік нәтижесі Уимблдонның жартылай финалына шығуы болды. WTA қорытынды турнирінде – 2024 Елена топтан шыға алмады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet