Неге Қазақстанда бокстан Азия чемпионаты көрсетілмейді?
"Qazsport" телеарнасы Таиландта өтіп жатқан боксшылар бәсекесінен трансляция жүргізуге не кедергі болғанын түсіндірді.
sputniknews.ru
"Qazsport" телеарнасы алдын ала тікелей эфир жүргізуді жоспарлап, AIBA-ға (Халықаралық бокс қауымдастығы) тиісті өтініші жіберген. Бірақ ұйымдастырушылар Азия чемпионатынан толық телевизиялық түсірілім жасамаймыз деп жауап берген. Сол себепті қазақстандық телеарнаның еш кінәсі жоқ.
Негізі құрлық біріншілігі Иордания астанасы — Амманда өтуі тиіс еді. Бірақ ұйымдастырушылар шешімімен Таиландқа ауыстырылды.
Чиангмай қаласындағы біріншілік 11 желтоқсанда аяқталады.
Трансляциялар YouTube-тегі ASBC арнасында қолжетімді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet