Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың Instagram-сторизі жарқын түстермен ойнады, деп хабарлайды Liter.kz.
Спортшы жұбайын туған күнімен қалай құттықтағанын көрсетті.
Елдос Сметов Балауса Әділжанға үлкен раушан гүл шоғын және алтын әшекей – білезік сыйлап, бірден қолына кигізді.
Келіншекті достары мен жақындары құттықтап, жақсылық тіледі.
Естеріңізге сала кетейік, Елдос Сметов 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медали еншіледі. Финалда ол франциялық Лука Мхейдзені жеңді.