+10 жыл: ұзақ өмір сүрудің сыры серуенде

Редактор Penalty.kz
29.11.2024, 20:33

Ғалымдар өмірді ұзартатын әдет осы дейді. 

+10 жыл: ұзақ өмір сүрудің сыры серуенде
aigak.kz

Ұзақ өмір сүру үшін күн сайын ұзақ серуендеу жеткілікті. Аустралиялық ғалымдар зерттеу қорытындысы осындай. Бұл туралы Massaget.kz хабарлады. 

Мамандардың айтуынша, бүгінде аурудың көбі аз қозғалумен байланысты. Мәселен, екінші типтегі қант диабеті, жүрек және қан тамырлары патологиялары, қатерлі ісік секілді қауіпті аурулардың қауіп факторына гиподинамия кіреді. Ол сондай-ақ ерте өлімге әкелуі мүмкін.

Квинслиндтегі Гриффит университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу  барысында 40 жастан асқан 36 мыңнан астам ересек адамның денсаулығына қатысты деректерді талдап шыққан. Қатысушылар күніне 10 сағат бойы фитнес-трекерлер тағып жүрген. Ғалымдар содан алынған мәліметтерді қолданыпты. 

Нәтижесінде мамандар мынадай қорытындыға келген: 19-64 жас аралығындағы ересектер күніне кемі 150 минут жүгіру, велосипедпен жүру, жылдам жүруі керек. Сонымен қатар, аптасына екі рет күштік жаттығулар жасауы қажет. 

Егер адам ең аз белсенді топқа түссе, онда өмір сүру ұзақтығының 5,8 жылын жоғалту қаупі бар. Күніне орта есеппен 111 минут жүргендер аз жүретін адамдармен салыстырғанда 11 жылға ұзағырақ өмір сүретіні анықталған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір