ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ

Танымал блогер ₸1,5 млрд жымқырды деген күдікке ілінді

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, ол халықтың ақшасына қымбат әшекей бұйымдар сатып алған.

Танымал блогер ₸1,5 млрд жымқырды деген күдікке ілінді
rus.azattyq-ruhy.kz

Еріктілер қозғалысының белсендісі, блогер Перизат Қайрат көктемгі су тасқыны кезінде тұрғындарға көмекке жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. 

Ол қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы бола тұрып, халықтың ақшасына қымбат әшекей бұйымдар мен жылжымайтын мүлік сатып алған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. 

Бұған қоса, Перизат құны 80 миллион теңгеден асатын екі және 40 миллионға жуықтайтын бір көлік, сондай-ақ елорданың премиум санаттағы коттедж қалашығынан үй сатып алған. Ал қылмыстық схемасын жүзеге асыру үшін, достары мен туыстарына 8 пайыз сыйақы беріп, қордың қаржысын қолма-қол ақшаға айналдырыпты. Қазір күдіктіге қатысты тергеу жүріп жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.