ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Экс-футболшы Грузия президенті боп сайланды

Бұрынғы "Спартак-Аланиямен" Ресей чемпионы атанған Михаил Кавелашвили Грузия елін басқарады. 

Экс-футболшы Грузия президенті боп сайланды
rsport.ria.ru

Грузияның Орталық сайлау комиссиясы 14 желтоқсанда президенттік сайлаудың ресми түрде аяқталғанын хабарлады. Бұл туралы брифингте Грузияның ОСК баспасөз хатшысы Натия Иоселиани мәлімдеді.

6 желтоқсанда ОСК Кавелашвилиді жалғыз кандидат ретінде тіркелген еді.

53 жастағы Михаил Кавелашвили “Грассхоппер” сапында Швейцария чемпионы, тбилисилік “Динамо” клубында Грузияның бірнеше дүркін чемпионы атанған. Ол Грузия ұлттық құрамасының жейдесін 46 рет қорғап, 9 гол соқты.

1995 жылы “Спартак-Алания” клубына қосылып, Ресей чемпионы атанды. Кавелашвили “Динамо” (Тбилиси), “Манчестер Сити”, “Грассхоппер”, “Цюрих”, “Люцерн”, “Сьон” және “Базель” клубтарында өнер көрсетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.