Соболенконың суреттері сән журналына шықты (ФОТО)
Ерекше фотоларды сынға алып жатқандар да жоқ емес.
instagram.com
Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко америкалық сән журналы Flaunt-тың келбетіне айналды. Жуырда белорусь теннисшісінің көз тартар суреттері танымал басылымның мұқабасында жарыққа шықты.

Баспагерлер басты бетке Соболенконың жылы жакет киіп, диванда жатқан суретін таңдаған. Журналдың өзге беттері де спортшының ерекше "образдарымен" таңқалдырады.

Желі қолданушыларының бұл фотоларға қатысты пікірі екіұшты болды. Сынға алғандары да жоқ емес. "Суретке түскен ол, ұялып отырған мен", "Бұл не? Сатиралық сән журналы ма?", - деп жазды қолданушылар.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet