Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
ЖБ-Шоуды кезекті шығарылымы Ермаштың Амстердамда бастан кешкендеріне арналды.
2014 жылдың қазан айында Еуропа чемпионатының іріктеуі аясында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Нидерландымен ойнаған болатын. Осы ойынға Қазақстан делегациясымен бірге спорт журналисі – біздің тұрақты спикер Ермұхамед Мәулен де барды.
Ермаштың Амстердамдағы оқиғалары тіпті қызық. Ол әріптестерімен бірге қонақ үйде әруақтар көріп, шетелдіктермен қалай қазақша сөйлескені туралы баяндады. Ал, мұның бәріне амстердамдық кекстің әсері расымен де бар ма? Оны Ермұхамедтің әңгімесін тыңдап болғаннан кейін білесіздер.
Айтпақшы, Қазақстан аталған матчта сенсация жасаудың сәл-ақ алдында болған. Нидерланд құрамасына Амстердамда гол соғып, ұзақ уақыт жеңіс есебін ұстап тұрғанымен, матч аяқталуға жақын қалғанда өз қақпасына қатарынан үш гол жіберіп алды. Сондықтан да бұл ойынға «абыройлы жеңіліс» деген атау бердік.