Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Соққыны бірінші болып жасау керек": Сәбина Алтынбекова күтпеген жазба жариялады

Редактор Penalty.kz
06.04.2025, 14:02

Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова қыздарға қатысты зорлық-зомбылық туралы ойын ортаға салып, жігіттер тарапынан қорлыққа төзбеуге үндеді. 

instagram/@altynbekova_20
instagram/@altynbekova_20

Белгілі волейболшы Сәбина Алтынбекова ата-аналарды қыздарына өзін қорғауды және әділетсіздікке қарсы тұруды үйретуге үндеді.

"Қыздарыңызға "жоқ"деп айтуды үйретіңіз. Қажет болса, қыздарыңыз дауыс көтере де білсін. Қыздарыңызға әділетсіздікке қарсы тұруды үйретіңіз. Қауіпсіздікті сыпайылықтан жоғары қоюды үйретіңіз." "Көмектесіңіз" деудің орнына "өртеніп жатыр!" деп айқайлауды үйретіңіз. Қыздарыңызға өз денесінде өзін жайлы сезінуді үйретіңіз. Ұятсыз өмір сүруді үйретіңіз. Соққыны бірінші болып жасауды үйретіңіз. Жауап ретінде тістеп алуды үйретіңіз. Лайықты қарым-қатынас көрсетілмесе, әлемді күлге айналдыруды үйретіңіз. Қыздарыңызға өзіне қиянат жасағандарды әшкерелеуді үйретіңіз. Өте байсалды, сөйте тұра қауіпті болуды үйретіңіз. Өзіне сенімді болуды үйретіңіз. Не қалайтынын түсінуді үйретіңіз. Қыздарыңызға өз көзқарасын қорғауды үйретіңіз. Батыл болуды үйретіңіз. Ержүрек болуды үйретіңіз. Қыздарыңызға жақсылыққа сенуді үйретіңіз. Сонан соң олар осыған лайық екенін айтыңыз. Қыз баланың тағдыры ауыртпалықпен астарлас болуы міндет емес" – деп жазды Алтынбекова.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 5
👎 1
😂 2
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір