Olimpbet аналитикасы: «Аталанта» – «Интер» және «Кристал Пэлас» – «Тоттенхэм» матчтарына шолу
Италия чемпионатының 17-турының орталық матчында қара-көк түсті екі клуб – «Аталанта» мен «Интер» кездеседі.
Olimpbet сарапшылары Бергамода өтетін бұл ойында миландықтарды айқын фаворит санайды және «нерадзуррилердің» гол соғатынына күмән келтірмейді.
А Сериясы кестесінің жоғарғы бөлігінде командалар өте тығыз орналасқан. Соған қарамастан, сырт алаңдағы жеңіс «Интерге» 2025 жылды чемпионат көшбасшысы ретінде аяқтауға кепілдік береді.
Ал «Аталантаның» жағдайы аса көңіл көншітпейді. Өткен маусымның қола жүлдегерлері қазір небәрі тоғызыншы орында тұр және көшбасшыдан 11 ұпайға қалып келеді. Оның үстіне бергамолықтар миландықтарға қарағанда бір ойын артық өткізген.
Кристиану Киву баптаған тұста «Интер» елдегі ең нәтижелі командаға айналды. Маусым басталғалы бері «нерадзурри» 34 гол соқты – бұл ең жақын қарсыластарынан 14 голға көп.
Сонымен қатар көшбасшы аз гол жіберген: 14, ал қарсыластары – 18. Миландық клубтың Бергамо командасынан басқа да негізгі көрсеткіштер бойынша айтарлықтай басымдығы бар.
«Интер» қақпаға жиі соққы жасайды (орташа есеппен матчына 17,27 – 14,19), дәл соққылары да көп (5,53 – 4,5), бұрыштаманы жиі жасайды (7,2 – 5,88). Сондай-ақ допқа иелік ету көрсеткіші де жоғары (59,53 % – 57,5 %).
Жеке кездесулерде «нерадзурридің» басымдығы айқын: «Интердің» еншісінде 82 жеңіс, «Аталантада» – небәрі 27, ал 36 матч тең аяқталған.
Миландықтар соңғы сегіз өзара ойында қатарынан жеңіске жетті. Бергамолықтар «Интерді» соңғы рет жеті жылдан астам уақыт бұрын – 2018 жылдың қарашасында жеңген.
Екі бапкер де алаңға оңтайлы құрамды шығара алмайды. Алаң иелерінің сапында қорғаушы Митчел Беккер мен негізгі жартылай қорғаушылар Рауль Беланова және Марио Пашалич жарақат алған.
Қонақтарда да дәл сол себеппен қорғаныс шебіндегі үш ойыншы – Тьяго Паласиос, Маттео Дармиан және Франческо Ачерби матчқа қатыса алмайды.
«Интер» қатарынан төрт жеңістен тұратын сериямен келе жатыр және Olimpbet аналитиктері миландықтар бұл жолы да жеңісті жалғастырады деп есептейді.
Олардың пікірінше, қонақтар есепті бірінші таймда-ақ ашады, ал ең ықтимал гол авторы ретінде аргентиналық шабуылшы Лаутаро Мартинес аталады.
АПЛ-дің 18-тур бағдарламасын лондондық екі клубтың текетіресі түйіндейді. «Кристал Пэлас» өз алаңында «Тоттенхэмді» қабылдайды. Бұл ойында Olimpbet сарапшылары алаң иелеріне басымдық беріп, қонақтардың табысқа жететініне күмәнмен қарайды.
Екі команда да дағдарысқа тап болды. Екеуі де Премьер-лигадағы соңғы екі ойында жеңілді. «Кристал Пэлас» әуелі «Манчестер Ситиден» (3:0), кейін «Лидстен» (4:1) ірі есеппен ұтылды.
«Тоттенхэм» болса «Ноттингем Форесттен» (0:3) күйрей жеңілді, ал «Ливерпульге» қарсы лайықты қарсылық көрсеткенімен, 1:2 есебімен ұтылды.
Бетпе-бет матчқа екі лондондық ұжым турнир кестесінің орта тұсындағы команда ретінде келеді, ал «хотспурлар» тіпті төменгі аймаққа жақын орналасқан. «Тоттенхэм» «Пэластен» төрт ұпайға қалып келеді, сондықтан сырт алаңдағы жеңіс те оларды қуып жетуге жеткіліксіз.
Еуропа лигасының жеңімпазы сәл көбірек гол соғады, ал Англия Суперкубогының иегері азырақ гол жібереді. Екі клубтың да доп айырмасы оң: «Тоттенхэмде» – 26:23, «Кристал Пэласта» – 21:19.
«Пэлас» қақпаға жиі соққы жасайды (орташа 11,59 – 9,94) және дәл соққылары да көп (4,12 – 3,35). Ал «Тоттенхэмнің» бұрыштамасы (5,65 – 3,76) мен допқа иелік ету (52,35 % – 42,47 %) көрсеткіштері жоғары.
«Тоттенхэм» жеке кездесулерде басымдыққа ие: 61 матчтың 33-інде жеңіске жеткен, 13 рет жеңіліп, 15 ойын тең аяқталған.
Алайда соңғы екі дербиде «Кристал Пэлас» үстем болды. Олар өткен маусымда Премьер-лигада екі ойында да жеңіске жетті әрі қақпасына гол жібермеді – өз алаңында 1:0, сыртта 2:0.
Екі командада да жарақат алған ойыншылар көп, бірақ онсыз ойнауға үйреніп қалған деуге болады. Алайда Хави Симонс пен Кристиан Ромероның жоқтығы «Тоттенхэмге» айтарлықтай қиындық туғызады. Нидерландтық және аргентиналық ойыншылар «Ливерпульмен» матчта алаңнан қуылғандықтан, «қырандарға» қарсы ойнай алмайды.
Айта кетейік, «Тоттенхэм» қаңтар айында ауқымды трансферлік науқан өткізуді жоспарлап отыр. Бюджет – 150 миллион фунт.
Бұл дерби қай команданың дағдарысы тереңірек екенін көрсетеді. Olimpbet аналитиктері ойыншылар қорғанысқа көбірек мән береді деп болжап, «Селхерст Парк» аренасында өтетін матчтың «төмен нәтижелі» болуын күтеді.