"Арсенал" – "Қайрат" матчының нақты есебі айтылды

Сарапшы, спорт журналисі

Чемпиондар лигасының соңғы турындағы матч Лондонда, "Эмирейтс" алаңында өтпек. Матч алдында "Қайрат" турнирлік кестеде соңғы 34 орында, ал "Арсенал" көш бастап тұр.

"Арсенал" – "Қайрат" матчының нақты есебі айтылды
Сурет: ашық дереккөзден

Лондондық The Standard басылымы Чемпиондар лигасының соңғы, сегізінші туры аясында өтетін жергілікті "Арсенал" мен алматылық "Қайрат" арасындағы матчқа қатысты өз болжамын жариялады.

Турнирлік кестенің қарама-қарсы бөліктерінде тұрған екі команданың кездесуі 28 қаңтардан 29 қаңтарға қараған түні Лондондағы "Эмирейтс" стадионында өтеді.

The Standard сарапшыларының пікірінше, "Арсенал" бұл ойында айтарлықтай қиындық көрмеуі тиіс. Лондондық клубтың қарсыласы саналатын "Қайрат" Чемпиондар лигасының жеті турынан кейін небәрі бір ұпай жинап, жалпы кезеңнің ең соңында орналасқан.

Басылым бұл матчты негізгі құрамда сирек ойнайтын футболшылар үшін өзін дәлелдеуге жақсы мүмкіндік деп бағалайды. Әсіресе, құны 65 миллион фунт болатын жартылай қорғаушы Эберечи Эзенің Микель Артета алдында көзге түсуіне жағдай бар екенін атап өткен.

Матч қазіргі таңда Еуропадағы ең мықты командалардың бірі мен Чемпиондар лигасындағы ең әлсіз клубтың арасындағы бәсеке ретінде сипатталып отыр. Бұл, өз кезегінде, ойын есебінен көрініс табуы тиіс.

Басылымның болжамы: "Арсенал" — "Қайрат" 4:0.

Оқи отырыңыз:

Қазақстан құрамасының капитаны Түркия чемпионатына ауысудан бас тартты;

Қазақ файтері Өзбекстанда айқас өткізеді;

Шавкат Рахмоновтың әйеліне 5 жылдан 10 жылға дейін түрме қаупі төніп тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір