Шымкенттегі шайқас пен елордадағы тартыс

Бас редактор

Olimpbet сарапшылары ҚПЛ-дің "Ордабасы" – "Ақтөбе" және "Жеңіс" – "Тобыл" матчтарына талдау жасады.

Шымкенттегі шайқас пен елордадағы тартыс
olimpbet.kz

Қазақстан. Премьер-лига. Сегізінші тур.

"Ордабасы" (Шымкент) – "Ақтөбе" (Ақтөбе). 3 мамыр, 20:00 (Астана уақыты).

Қазақстан чемпионатының сегізінші турындағы орталық кездесу Шымкентте өтеді. Мұнда жергілікті "Ордабасы" "Ақтөбені" қабылдайды.

Olimpbet сарапшылары бұл ойында алаң иелерін айқын фаворит санайды және олардың гол соғатынына күмән келтірмейді.

Турнирлік жағдай

Маусым басталар алдында екі команданың да басшылығы ҚПЛ алтыны үшін күресетінін мәлімдеген еді. Алайда чемпионаттың алғашқы кезеңін олар әртүрлі өткізді. "Ордабасы" әзірге өз амбициясын нәтижемен дәлелдеп келеді – жеті тур қорытындысы бойынша оңтүстік ұжым "Қайратпен" бірге турнир кестесінің көшін бастап тұр. Сонымен қатар, шымкенттіктер әлі бірде-бір рет жеңілген жоқ.

Ал "Ақтөбе" үш рет жеңіліп үлгерді және бас бапкерін ауыстырды – болгариялық Николай Костовтың орнына словакиялық Штефан Таркович келді. Шымкентке дейін "қызыл-ақтар" "Ордабасыдан" бес ұпайға қалып келеді.

Статистика

Андрей Мартин шәкірттері ҚПЛ-дегі ең нәтижелі командалардың бірі. "Ордабасы" қарсыластар қақпасына 12 гол соғып, өз қақпасына алты гол жіберді.

Ал "Ақтөбе" тек соңғы турда ғана гол айырмасын теңестірді (8:8).

Шымкенттіктер соққылар саны бойынша (орта есеппен 18,57 қарсы 14), қақпаға дәл соққылар (6,14 қарсы 4,7) және бұрыштамалар (6,7 қарсы 5) бойынша басым. Ал допқа иелік ету көрсеткішінде "Ақтөбе" алда (54% қарсы 48%).

Өзара кездесулер тарихы

Жалпы статистикада басымдық "Ақтөбеде": 76 матчтың 33-інде жеңіске жетсе, "Ордабасы" 15 рет ғана жеңген. Тағы 28 ойын тең аяқталған.

Соңғы уақытта командалар жиі тең түсіп жүр – алдыңғы төрт кездесудің барлығы да бейбіт аяқталған.

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары бұл ойында да тең нәтиже болуы мүмкін деп санайды.

Сондай-ақ Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда көп гол бола қоймайды және командалардың біреуі екіден артық гол соғуы екіталай деген пікірде.

Фото: olimpbet.kz

"Жеңіс" (Астана) – "Тобыл" (Қостанай). 3 мамыр, 18:00.

Сегізінші турдың басты ойыны алдында Астанада "Жеңіс" пен "Тобыл" арасында тартысты матч өтеді.

Olimpbet сарапшылары бұл жұпта айқын фаворит көрмейді, тек символикалық түрде алаң иелеріне аздаған басымдық береді.

Турнирлік жағдай

Екі команда да маусым басталысына көңілі толмайды. Жеті турда әрқайсысы бір-ақ жеңіске жеткен.

"Жеңіс" пен "Тобыл" турнир кестесінің төменгі бөлігінде тұр. Қостанайлықтар астаналықтардан екі ұпайға қалып келеді. Бірақ сырт алаңдағы жеңіс оларды алға шығаруы мүмкін.

Статистика

"Жеңіске" гол соғу өте қиынға соғып отыр – команда бар болғаны үш гол соққан. Бұл – лигадағы ең төмен көрсеткіш.

"Тобыл" жеті гол соққанымен, қорғаныста әлсіз – 13 гол жіберіп алған. Ал "Жеңіс" өз қақпасына сегіз гол жіберген.

Өзара кездесулер тарихы

Жалпы есепте "Жеңіс" алда: 18 жеңіс, 14 жеңіліс және 11 тең нәтиже.

2024 жылы Премьер-лигаға оралғаннан кейін де астаналықтар "Тобылға" оңайлықпен жол бермей келеді. Соңғы жеті ойында төрт тең нәтиже тіркеліп, екі рет "Жеңіс" жеңген, бір рет қана "Тобыл" басым түсті.

Айта кету керек, дәл сол жалғыз жеңіліс "Жеңіске" қымбатқа түсті – оларды Қазақстан кубогының финалынан айырды. Ал трофейді кейін "Тобыл" жеңіп алды.

Соңғы матчтар

Екі команда да бұл кездесуге жақсы көңіл-күймен келеді. Қазақстан кубогының 1/8 финалында "Жеңіс" "Оқжетпесті" 3:2 есебімен жеңсе, "Тобыл" сырт алаңда "Астананы" 2:1 есебімен ұтты.

Қорытынды

Olimpbet сарапшылары екі команда да гол соғады деп болжайды.

Сонымен қатар "Астана Аренадағы" матчтың нәтижесі тең дәрежеде әрі нәтижелі, әрі аз голмен аяқталуы мүмкін деген пікірде.