"Сары-қаралардың" шайқасы және кубоктағы ширек финалдың қайталануы
Olimpbet сараптамасы: ҚПЛ аясындағы "Жеңіс" – "Қайрат" және "Ордабасы" – "Жетісу" матчтары
Қазақстан. Премьер-лига. Оныншы тур.
"Жеңіс" (Астана) – "Қайрат" (Алматы). 17 мамыр, 17:00 (Астана уақыты)
ҚПЛ-дің оныншы турындағы басты оқиға Астанада өтеді. Мұнда сары-қара түсті екі команда – "Жеңіс" пен "Қайрат" өзара кездеседі.
Olimpbet сарапшылары бұл матчта алматылық клубты айқын фаворит санайды. Олардың пікірінше, қонақтардың жеңіске жету мүмкіндігі алаң иелеріне қарағанда шамамен үш есе жоғары.
Турнирлік жағдай
"Қайрат" – елдің қазіргі чемпионы әрі чемпионаттың жеке дара көшбасшысы. Ал "Жеңіс" тоғыз тур қорытындысы бойынша турнир кестесінде сегізінші орында тұр және көш басындағы командадан тоғыз ұпай қалып келеді.
Дегенмен алматылықтар бір ойын артық өткізген, сондықтан жоғалтқан ұпайлар есебі бойынша астаналықтардың артта қалуы сәл аздау.
Сонымен қатар "Жеңіс" бұл кездесуге төрт матчтық жеңіс сериясымен келіп отыр. Команда Премьер-лигада да, Қазақстан Кубогында да екі реттен жеңіске жетіп, апта ортасында турнирдің жартылай финалына шықты.
Ал "Қайрат" өткен турда "Ұлытауды" жеңе алмай, 1:1 есебімен тең түсті. Сондай-ақ Қазақстан Кубогынан 1/8 финалда-ақ шығып қалған.
Статистика
Рафаэль Уразбахтиннің командасы лигадағы ең нәтижелі шабуылға ие – 15 гол. Сонымен бірге ең сенімді қорғаныс та осы ұжымда – небәрі 5 гол жіберген.
Али Әлиевтің командасында керісінше, доп айырмасы теріс көрсеткіште – минус 3. "Жеңіс" жеті гол соғып, өз қақпасына он гол жіберіп алды.
"Қайрат" соққылар саны бойынша (орта есеппен 15,8 қарсы 10,4), қақпаға дәл соққыларда (5,4 қарсы 3,2), бұрыштама доптарда (5,8 қарсы 4) және допты иеленуде (55% қарсы 50%) айқын басымдыққа ие.
Өзара кездесулер тарихы
Жеке кездесулер статистикасында алматылықтардың басымдығы байқалады: 25 жеңіс, 14 жеңіліс және бес тең ойын.
Алайда бұл әрдайым осылай болмаған. Мәселен, 2005 жылдың мамырынан 2008 жылдың қарашасына дейін "Қайрат" "Жеңісті" бірде-бір рет жеңе алмаған – алты жеңіліс пен екі тең ойын тіркелген.
Бірақ 2024 жылы астаналық клуб ҚПЛ-ге қайта оралғаннан бері "Жеңіс" чемпионат аясында "Қайратты" жеңе алған жоқ – бір тең ойын және үш жеңіліс.
Қорытынды
Olimpbet сарапшылары қонақтардың міндетті түрде гол соғатынына сенімді. Оның үстіне, олар кемінде екі рет мергендік танытуы мүмкін.
Сондай-ақ есепті бірінші таймда-ақ "қайраттықтар" ашады деген болжам бар.
"Ордабасы" (Шымкент) – "Жетісу" (Талдықорған). 17 мамыр, 20:00
ҚПЛ-2026 оныншы турының бағдарламасын Шымкенттегі матч қорытындылайды. Жергілікті "Ордабасы" талдықорғандық "Жетісуды" қабылдайды.
Olimpbet сарапшылары бұл ойында алаң иелеріне айқын басымдық береді. Олардың пікірінше, шымкенттіктердің екі доп айырмасымен сенімді жеңіске жету мүмкіндігі қонақтардың тең нәтижеге қол жеткізу ықтималдығынан жоғары.
Турнирлік жағдай
"Ордабасы" – чемпионат көшбасшыларының бірі. Жоғалтқан ұпайлар бойынша олар турнир кестесін бастап тұрған "Қайратпен" тең түсіп тұр. Ал "Жетісу" турнирдің ортасында орналасқан және шымкенттіктерден жеті ұпайға қалып келеді.
Соңғы матчтардағы динамика да талдықорғандықтардың пайдасына емес. Соңғы екі турда олар бір ғана ұпай жинады – бір тең ойын және бір жеңіліс. Ал оңтүстік командасы маусым басталғалы бері әлі жеңілген жоқ.
Статистика
"Ордабасы" көбірек гол соқты (14 қарсы 11) және азырақ гол жіберді (6 қарсы 12). Шымкенттіктер соққылар саны (17,2 қарсы 9,2), қақпаға дәл соққылар (5,55 қарсы 3,55) және бұрыштама доптар (6,33 қарсы 3,77) бойынша басымдыққа ие.
Сонымен қатар Андрей Мартиннің командасы Қайрат Нұрдәулетов ұжымына қарағанда допты әлдеқайда жақсы ұстайды – 57% қарсы 49%.
Өзара кездесулер тарихы
Жеке кездесулер статистикасында оңтүстік командасының басымдығы анық байқалады: 32 жеңіс, 20 жеңіліс және 16 тең ойын.
Соңғы уақытта шымкенттіктер бұл артықшылықты одан әрі күшейтті – соңғы он кездесудің сегізінде жеңіп, біреуінде ғана жеңілген.
Осыдан бірнеше күн бұрын дәл осы қарсыластар Қазақстан Кубогы-2026 ширек финалында да кездескен еді. Тағы да Шымкентте өткен матчта алаң иелері 1:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.
Қорытынды
Olimpbet сарапшылары бұл матчта алаң иелері басымдық танытып, кемінде екі гол соғады деп болжайды.
Ал Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтетін ойынның «тотал жоғары» матч болу мүмкіндігі жоғары деп есептейді.