ЖБ-Шоу! Еурокубок финалдарына болжам
Бүгінгі шығарылымнда еурокубок финалдары кеңінен талқыланды. Ермұхамед Мәулен, Олжас Байбосын және Гани Мұқашұлы фавориттерді атады.
Еуропалық футбол маусымының ең шешуші кезеңі жақындады. Алда жанкүйерлерді еурокубок финалдары күтіп тұр. Кім Еуропа патшасы атанады? Қай команда шешуші сәтте сүрініп, күміс медальмен шектеледі? Осы сұрақтар ЖБ-шоудың жаңа шығарылымында талқыланды.
Бағдарламада Ермұхамед Мәулен, Олжас Байбосын және Гани Мұқашұлы бас қосып, алдағы финалдарға қатысты өз болжамдарын айтты. Сарапшылар командалардың қазіргі формасына, тактикалық мүмкіндігіне және финал алдындағы психологиялық жағдайына тоқталды.
"Кристал Пэлас" тағы бір трофей ала ма?
ЖБ-шоуда "Кристал Пэлас" клубының соңғы жылдардағы нәтижесі де сөз болды. Сарапшылар лондондық команданың екі жыл ішінде үшінші трофейін жеңіп алуы мүмкін екенін айтты.
"Астон Вилла" – "Фрайбург": Ермұхамед Мәулен фаворитті атады
"Астон Вилла" мен "Фрайбург" арасындағы матч та осы шығарылымда сөз болды. Сарапшылар "Астон Вилланың" құрам сапасы, ойын қарқыны және еурокубоктағы тәжірибесі "Фрайбургке" қарағанда басым болуы мүмкін екенін айтты.
Бағдарламада ПСЖ мен "Бавария" арасындағы ойынға қатысты даулы сәттер де қозғалды. Сарапшылар бұл матчта төрешілік шешімдер Париж клубының пайдасына әсер еткен болуы мүмкін деген пікір айтты.