Чемпиондар лигасы
18 жастағы қаһарман! Шерхан Қалмырзаның сейві Еуропаны таңғалдырды (ВИДЕО)
Соған қарамастан Лиссабонда өткен матчта алматылық ұжым алаң иелеріне 4:1 есебімен жеңілді.
«Қайрат» Лиссабонда төтеп бере алмады
Алматының «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының бірінші турында Португалияның «Спортинг» командасына қарсы кездесті. Матч 4:1 есебімен аяқталды.
Жозе Моуринью Чемпиондар лигасындағы клубтың тізгінін ұстады
Португалиялық «Бенфика» ресми түрде Жозе Моуриньюді бас бапкер қызметіне тағайындады.
«Спортинг» – «Қайрат» матчы бес голмен аяқталды
УЕФА Жастар лигасының алғашқы турында «Қайрат» U-19 командасы португалиялық «Спортингке» қарсы ойнады. Оэйраш қаласындағы кездесу 3:2 есебімен аяқталды.
Бір ғана гол! Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасының рекордын бұза ала ма?
Егер ойын ойдағыдай өтсе, жас жұлдыз Ансу Фатидің рекордын бұзады.
"Реалдың" тағы бір жұлдызы Алматыға келмейтін болды
Дәрігерлердің айтуынша, мадридтік «Реалдың» қорғаушысы Трент Александер-Арнолд жарақатына байланысты кемі бір ай алаңға шыға алмайды.
Еуропа жүлдегері «Спортинг» — «Қайрат» матчына болжам жасады
Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, Ресей футболының жұлдызы Игорь Семшов «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы мүмкіндігіне өз бағасын берді.
"Ливерпуль" алғашқы ойында "Атлетико Мадридті" тізе бүктірді
Энфилдте өткен кездесуде алаң қожайындары испаниялықтарды 3:2 есебімен жеңді.
"Бавария" - "Челси": Тартысты матчта төрт гол соғылды
Мюнхенде өткен Чемпиондар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы турдың басты ойыны жанкүйерлер күткендей драма мен голға толы болды. «Бавария» өз алаңында «Челсиді» 3:1 есебімен тізе бүктіріп, алғашқы үш ұпайын еншіледі.
«Бавария» – «Челси»: Чемпиондар лигасындағы алыптар айқасында кім жеңеді?
Мюнхендегі «Альянц Аренада» футбол жанкүйерлерін нағыз алыптардың шайқасы күтіп тұр. Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы матчта «Бавария» мен «Челси» жолығады. Opta деректері бойынша, неміс алпауыттарының жеңіске жету ықтималдығы 54,9 пайызға бағаланған.
«Спортинг» бапкері «Қайратқа» қарсы ойынды жеңіл қабылдамауды талап етті
«Спортинг» ФК бас бапкері Руй Боржеш Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойын алдында өз ойыншыларынан барынша жауапкершілік пен толық күш салуды сұрады.
«Қарабахтан» сенсациялық жеңіліске ұшыраған «Бенфика» бас бапкерін отставкаға жіберді
Лиссабонның «Бенфика» клубы күтпеген нәтиже тіркелгеннен кейін бас бапкер Бруну Лажбен қош айтысты.
"Қарабахтың" тарихи жеңісі "Қайратқа" үлгі бола ма?
Азиядағы футбол жанкүйерлері кеше күтпеген қуанышқа куә болды. Әзербайжандық «Қарабах» Лиссабонда «Бенфиканы» жеңіп, Чемпиондар лигасындағы ең ірі сенсациялардың бірін жасады.
"Қайратқа" қарсы ойын: "Спортинг" қақпашысы ауыр жарақат алды
Лиссабондық «Спортинг» УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші турында «Қайратқа» қарсы кездесуге кадрлық шығынмен келмек. Негізгі қақпашы Руй Силва саусағынан жарақат алып, алаңға шыға алмауы мүмкін.
Шерхан Қалмырза әйгілі Касильясты ығыстырады
«Қайрат» ФК 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас қақпашылардың үштігіне енбек. Ол «Спортингке» қарсы ойында негізгі құрамда алаңға шығады.
ЧЛ: дебютант команда тарихи сенсация жасады
Бельгияның "Юнион" клубы Чемпиондар лигасындағы тарихи дебютін сенсациялық жеңіспен бастады – Эйндховенде жергілікті ПСВ-ны тізе бүктірді.
"Қайраттың" қарсыласы алғашқы матчты екі голмен ұтты
2025/26 маусымындағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің алғашқы турында лондондық «Арсенал» Испанияда қонақта ойнады. «Канонирлер» Бильбаода «Атлетикке» қарсы сенімді жеңіске жетті.
«Қайрат» Лиссабонға жетті
«Қайрат» ФК Португалия астанасы Лиссабонға келіп қонды. Команда мұнда Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойынын португалиялық «Спортингке» қарсы өткізеді.
«Қайрат» – «Реал» матчы: алыпсатарлар билеттерді миллиондап сатуда
Алматыдағы тарихи ойынға қызығушылық орасан зор. «Қайрат» – «Реал» кездесуіне арналған билеттердің кейбірі қазірдің өзінде алыпсатарлардың қолында.
Алонсо "Реалдың" жаңа лидерін атап, ЧЛ-дағы мақсатын айтты
Корольдік клуб бас бапкерінің айтуынша, биылғы маусымда команда алдындағы басты міндет - қалқанқұлақ кубокты жеңу.