
16-18 мамыр күні елордада PGL Astana 2025 плей-офф кезеңі өтеді.
Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде киберспорт жанкүйерлері көптен күткен PGL Astana 2025 халықаралық турнирінің плей-офф кезеңі басталды. Counter-Strike 2 ойыны бойынша өтетін жарысқа әлемнің үздік 8 командасы қатысуда.
Жарыстың жалпы жүлде қоры — 1,25 миллион АҚШ доллары. Ал турнир жеңімпазы 425 мың долларды иеленеді. Бұл көрсеткіш — киберспорттың кәсіби деңгейге жеткенін және оған деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.
Қазақстан Киберспорт федерациясының өкілдері бұл турнирдің ел үшін маңызын ерекше атап өтті. Олардың айтуынша, PGL сияқты ірі турнирдің Қазақстанда өтуі – еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттырады. Бұл – Қазақстанды әлемдік киберспорт картасындағы маңызды ойыншы ретінде көрсетудің жарқын мысалы.
Сонымен қатар, мұндай турнирлер жергілікті ойыншылар мен командалар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.