ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

Бүгін Астанада кибер-турнирінің финалы өтеді

Астанада EA FC25 ойыны бойынша ең мықты «фифер» анықталады! Freedom QJ League аясындағы дәстүрлі Freedom Media QJ Cyber Cup турнирі бүгін финалдық кезеңге жетті – үздік сегіздік чемпиондық үшін күш сынасады.

Бүгін Астанада кибер-турнирінің финалы өтеді
qjl.kz

EA FC25 ойыны бойынша ұйымдастырылған дәстүрлі Freedom Media QJ Cyber Cup турнирінде бүгін чемпион анықталады.

Турнир шешуші сәтке жетті

15 маусым күні сағат 16:00-де, Астанадағы Mega Silk Way сауда-ойын-сауық кешенінде Freedom QJ League кибер-турнирінің финалдық кезеңі басталады. Турнир EA FC25 ойыны бойынша өтуде және дәстүрге айналған Freedom Media QJ Cyber Cup атауымен танымал.

Үздік 8 қатысушы

Кеше, 14 маусымда, Freedom QJ League-ке қатысатын клубтардың арасынан ең мықты 22 киберспортшы топтық кезеңде өзара бақ сынады. Қарқынды ойындардың нәтижесінде 8 үздік фифер плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Бүгін сол сегіздік арасынан турнир жеңімпазы анықталады.

Астанаға келе алмайтын жанкүйерлер мен EA FC25 әуесқойлары үшін турнир тікелей эфирде YouTube арқылы көрсетіледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.