Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстанда жаңа ойын индустриясы қалыптасады

Сарапшы, спорт журналисі

«Біз киберспорттың болашағы бар деп санаймыз», – деген Olimpbet өкілдері 2025 жылды киберспортты қолдау және ойыншылар, таланттар мен жанкүйерлер үшін тұрақты инфрақұрылым құру жылы деп жариялады.

Мәселе…

Қазақстандағы ойын индустриясының негізгі мәселелері 2025 жылдың жазында қабылданған киберспортты дамыту мемлекеттік тұжырымдамасында атап өтілді.
Онда былай делінген:

«Киберспорт көбіне ойын-сауық ретінде қабылданады, ал шын мәнінде ол — тұлғалық және кәсіби дамудың заманауи құралы», – деп жазылды. 

Десе де, дәл осы салада жастар командалық жұмысқа, күйзеліске төзу мен стратегиялық ойлауға үйренеді.

Киберспорттың Қазақстанда әлі де жартылай кәсіби деңгейде қалып отырған тағы бір себебі бар:

«Жетістікке жеткен ойыншылар шетелдік ұйымдарға кетеді, ал ел ішінде инфрақұрылым мен жүйелі қолдау жеткіліксіз», – делінген құжатта.

Мәселенің шешімі ретінде қазақстандық әлеуметтік жауапты бизнестің, соның ішінде букмекерлік компаниялардың қолдауының маңыздылығы көрсетілген.

Шешім

Бұл бастамаларға алғашқылардың бірі болып Olimpbet үн қатты. Бренд MPL және FPL by Olimpbet кәсіби турнирлерін, сондай-ақ Астанадан шыққан ALLINNERS командасын (CS2) қолдады. Ондаған шара өткізілді, Қазақстан мен әлемдегі киберспортқа арналған медиа алаңдар іске қосылды.

Осылайша, 2025 жыл №1 букмекер үшін киберспорт бағытын қолдау және тұрақты инфрақұрылымды дамыту жылы болды.

Комьюнити қалыптастыру

Өткен жылы Olimpbet Қазақстандағы киберспорт қауымдастығының дамуына үлкен үлес қосты. Компания 26 іс-шара ұйымдастырды – турнирлер мен пабстомптардан бастап баспасөз конференцияларына дейін. Оған барлығы 10 мыңнан астам қонақты қатысты. 

Олардың ішінде ең ауқымдысы — Dota 2 бойынша The International 2024 турниріне арналған, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен фестиваль болды. Осылайша, киберспорт алғаш рет тек ойын емес, мәдени құбылыс ретінде қабылданды.

MySkill Pro League: Қазақстан — киберспорт картасында

Ең маңызды қадамдардың бірі — MySkill Pro League by Olimpbet, яғни елдегі алғашқы халықаралық деңгейдегі CS2 лигасының құрылуы болды. Бір жыл ішінде MPL екі турнир өткізіп, Қазақстан, Еуропа және Азия елдерінен ондаған команданы жинады.

«Olimpbet-пен серіктестік бізге ойлаудың жаңа көкжиегін ашты — турнир деңгейі де, мақсат ауқымы да өсті», – деді Лига басшысы Ярослав Мун.

Гранд-финалдар аншлагпен өтті, онлайн-трансляцияны мыңдаған көрермен тамашалады. Бірінші маусымда қазақстандық ALLINNERS командасының жеңісі отандық киберспорт үшін маңызы зор сәтке айналды.

«Бүгінде киберспорт — жас, бірақ әлеуеті зор индустрия. Қазақстан таланттары, инфрақұрылымы және географиялық орналасуы арқылы Орталық Азияның киберспорт хабына айнала алады. Бұл — біздің де мақсатымыз», – деп атап өтті Olimpbet компаниясының маркетинг директоры Геннадий Шемраев. 

Фото: olimpbet.kz

FPL: Қыздар да шет қалған жоқ

Шілде айында Olimpbet Қазақстандағы алғашқы халықаралық әйелдер лигасы – Female Pro League жобасын таныстырды. Оның амбассадоры болып киберспорт және косплей қауымдастығында танымал Айгера Дунамис тағайындалды.

«Бұл салада қыздарға деген салғырт көзқарас ұзақ уақыт бойы үстем болды. Мен оны өз тәжірибемнен білемін. Сондықтан дәл Қазақстаннан әйелдер киберспортын жаңа деңгейге шығаратын қозғалыстың басталғанына мақтанамын», – дейді Айгера.

FPL бірінші маусымының іріктеу турниріне 13 елден 46 әйелдер командасы, оның ішінде Tier-1 деңгейіндегі құрамдар қатысуға өтінім берді. Финал қараша айында Алматыда өтеді. Жүлде қоры – 10 мың АҚШ доллары.

Жоба үлкен қолдау тапты. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 25-тен астам қазақстандық және шетелдік БАҚ жазды. Сонымен қатар, Female Pro League туралы әлеуметтік желілерде жүздеген жазба жарияланды, оның ішінде халықаралық ұйымдар, командалар және ойыншылардың парақшалары да бар. 

Фото: olimpbet.kz

Ұлт мақтанышы

Olimpbet пен ALLINNERS арасындағы серіктестік келісімге қол қойылуы – қазақстандық киберспорттың дамуындағы заңды әрі маңызды қадам болды. Жас команда MySkill Pro League турнирінде көзге түсіп, жаңа буын ойыншыларының символына айналды.

«Бізге ALLINNERS философиясы жақын: жеке ойыншылардың емес, бүкіл команданың дамуы маңызды. Біздің мақсат – мықты қазақстандық құрамды халықаралық деңгейге шығару. MongolZ сынды командалар сияқты, Қазақстанның да өз ұлттық мақтанышы болатын командасы болуы керек», – деді Olimpbet маркетинг директоры. 

Фото: olimpbet.kz

«Esports – жай ғана ермек пе?»

Қазақстандағы киберспорт енді ғана жеке энтузиастар мен стримерлер шеңберінен шығып, жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Елде ұлттық лигалар мен турнирлер пайда болып, инфрақұрылым мен тақырыптық медиа-платформалар дамып жатыр.

«Киберспорт – бұл енді жай әуестік емес. Қазақстан үшін бұл — технология, жастар және спортты біріктіретін жаңа индустрия құру мүмкіндігі. Киберспорт – XXI ғасырдың футболы. Және оның болашағы зор», – деп қорытындылады Olimpbet компаниясының маркетинг директоры Геннадий Шемраев. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір