Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Данил Молодой: "Менің арманым – Қазақстанды спорттың шыңында көрсету"

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық киберспортшы жақында ірі турнирдің жеңімпазы атанды.

Данил Молодой: "Менің арманым – Қазақстанды спорттың шыңында көрсету"
Данил Голубенко.

Қытайда Counter-Strike 2 бойынша IEM Chengdu 2025 турнирі өтті, онда Қазақстан командасы киберспортта сенсация жасады.

20 жастағы қазақстандық Данил "Molodoy" Голубенко командасымен бірге жүлде қоры 1 миллион доллар болған турнирде жеңіске жетті. Ол трофеймен түскен фотосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Данил бразилиялық Furia командасында өнер көрсетеді, ұжымы финалда 3:0 есебімен жеңді, ал "Molodoy" турнирдің MVP-і — чемпионаттың үздік ойыншысы атанды. Бұл марапат киберспортшының мансабындағы екінші жетістігі. Ол бір порталға эмоцияларымен бөлісті:

"“Жылдың жаңалығы” сыйлығын алу жаман болмас еді, бірақ ол мен үшін... онша маңызды емес. Ең алдымен, мен турнирлерде жеңуді қалаймын, содан кейін барып MVP немесе “Жылдың жаңалығы” атанғым келеді. Трофей жеңіп алған кезде — бұл бәрінен жақсы", — деді Данил сұхбатында.

Командалар 300 мың доллар көлеміндегі жүлде қорын сарапқа салды, сондай-ақ 700 мың долларды өзара бөлді.

"Қазақстанның әрқашан биіктен көрінгенін қалаймын"

Жеңістен кейін Данил Қазақстан туралы да айта кетті. Жас киберспортшы өз елін биіктен көрсетуді армандайтынын айтты:

"Мен өз елімді, өз туымды – Қазақстанды танытамын. Қазақстан әрдайым биікте болса екен деймін. Бұл — менің арманым. Қазақстанды әлемнің, спорттың шыңында көрсеткім келеді — бұл менің арманым.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір