Атыраудағы тойда күйеу жігітке 7 миллиондық виртуалды пышақ сыйға тартылды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Цифрлық сыйлық көптің таңданысын тудырып жатыр. Әлеуметтік желіде қызу талқылану үстінде. 

Атыраудағы тойда күйеу жігітке 7 миллиондық виртуалды пышақ сыйға тартылды (ВИДЕО)
reddit.com

Атырауда өткен үйлену тойында ерекше сыйлық жасалды. Күйеу жігітке Counter-Strike 2 ойынындағы сирек кездесетін «Рубин» үлгісіндегі пышақ тарту етілді. Бұл скиннің бағасы шамамен 7 миллион теңге тұрады. Дәстүр бойынша «пышақ сыйлауға болмайды» деген сенім болса да, цифрлық сыйлық той қонақтарының қызығушылығы мен таңданысын тудырды.

Фото: cybersport.ru

Counter-Strike 2 ойынының жанкүйерлері мұндай скиннің жоғары нарықтық құны мен сирек кездесетін түрі екенін жақсы біледі.

Той қатысушылары пышақты табыстау сәтін видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде бөлісті. Ролик тез таралып, ойыншылар мен қолданушылар арасында қызу талқылауға себеп болды

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 5
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір