Әлемдегі ең ірі CS2 турнирі тұңғыш рет қазақша сөйлейді

Сарапшы, спорт журналисі

StarLadder Budapest Major 2025 деп аталатын дода 4–14 желтоқсан аралығында өтеді. 

Әлемдегі ең ірі CS2 турнирі тұңғыш рет қазақша сөйлейді
Sports24.kz

Желтоқсанда әлемдегі ең ірі CS2 турнирі — StarLadder Budapest Major 2025 алғаш рет қазақ тілінде көрсетіледі. Дода 4–14 желтоқсан аралығында өтеді. 

Қазақ тілінде болатын трансляция Stage 3 (4–7 желтоқсан) онлайн кезеңін және плей-офф (11–14 желтоқсан) ойындарын қамтиды. Соңғы кезеңде матчтар студиялық форматта, кәсіби аналитикамен және матчқа дейінгі тактикалық талдаумен беріледі.

Оған танымал комментаторлар қатысады: 

  • LEO kz,
  • worstze,
  • radLE
  • adilkhanaww.

Турнир форматы

Budapest Major — әлемнің 32 үздік CS2 командасы қатысатын ең беделді жарыстардың бірі. Қатысушылар қатарында Falcons, Team Spirit, MOUZ және өзге де топ-дәрежелі ұжымдар бар.

  • Топтық кезең — швейцариялық жүйе бойынша өтеді;
  • Плей-офф — single-elimination форматында, финал Best-of-5 түрінде ойналады.

Айта кетейік, StarLadder Budapest Major 2025 турнирін қазақ тілінде YouTube және Twitch платформаларынан тамашалауға болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір